jitsu gif
Спорт

    "Қызылжар" футбол клубы бірден сегіз бірдей ойыншысымен қош айтысты

    "Қызылжар" футбол клубының ойыншылары
    "Қызылжар" футбол клубының ойыншылары. Фото: qfl.kz

    "Қызылжар" футбол клубының сегіз футболшысы командамен келісімшартын тоқтатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты Петропавлдың "Қызылжар" футбол клубының 8 ойыншысы командамен қош айтысты.

    Осылайша, келесі маусымда "Қызылжар" футбол клубы сапынжа Владислав Сорокинс, Ұлар Жақсыбаев, Зоран Нижич, Лука Имнадзе, Рафаил Оспанов, Рубен Бригидо, Алексей Щебетун және Шохан Абзал ойнамайды.

    Клуб ойыншыларға биылғы маусым үшін алғыс айтып, жаңа командада сәттілік тіледі.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта "Қызылжар" футбол клубы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оқу-жаттығу жиыны барысында Сербия, Венгрия, Косово, Македония, Босния және Герцеговина елдерінің клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді.

    "Қызылжар" футбол клубы бірден сегіз бірдей ойыншысымен қош айтысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.