Спорт

Зектілері

"Барселона" клубы "Реал Мадрид" қақпасына 5 гол соғып, Испания Суперкубогын жеңді

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Барселона" футбол клубының ойыншысы Рафинья
"Барселона" футбол клубының ойыншысы Рафинья. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

"Барселона" футбол клубы Испания Суперкубогының финалында "Реал Мадридпен" кездесіп, ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Футболдан Испания Суперкубок ойындары Сауд Арабияда өтті. Төрт команда әуелі екіден бөлініп жартылай финалдық кездесу өткізді. Атап айтсақ, "Барселона" футбол клубы "Атлетик Бильбаоны" 2:0 есебімен жеңіп финалға шыққан еді. Ал мадридтік "Реал" "Мальорканы" 3:0 есебімен жеңді.

Бүгін, 13 қаңтарда "Реал Мадрид" пен "Барселона" арасындағы финалдық ойын болды. Матчтыі есебін мадридтік команда шабуылшысы Килиан Мбаппе ашты. Кейін "Барселона" ойыншылары 5 гол соғып жеңісті жұлып алды.

"Барселона" өз тарихында 15 рет Испания Суперкубок иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2210834-barselona-kluby-real-madridti-zhengip-ispaniia-superkubogynyng-iegeri-atandy/