jitsu gif
Спорт

    Бұрынғы футболшы Давид Лория ҚФФ-да басшылық қызметке тағайындалды

    Давид Лория
    Давид Лория. Фото: instagram.com/kff_team

    Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ-ның Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    ҚФФ мәліметінше, Давид Лория – қазақ футболы тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Футболшы мансабында "Жеңіс", "Есіл", "Шахтер", "Хальмстад" (Швеция), "Спартак-Нальчик" (Ресей), "Астана", "Ертіс", "Ризеспор"(Түркия), "Қайрат", "Каршияка" (Түркия), "Ордабасы" клубтарында ойнаған.

    Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасаған.

    1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысқан.

    Мансабын аяқтағаннан кейін Давид Григорьевич "Астана" футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және Super Bol жобасында басшылық қызметтер атқарған.

    2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.