
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
"Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.
Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылғы маусымда ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.
Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді!", - делінген хабарламада.
Хабарламада футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатқаны айтылған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2215476-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-bas-bapkeri-stanislav-cherchesov-qyzmetinen-kett/