"Қайрат" футболшыларының босниялық командамен Түркиядағы кездесуі жанжалмен аяқталды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Алматылық "Қайрат" футбол командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында босниялық "Борак" командасымен ойнады. Ойын тең есеппен аяқталды, матчтан кейін алаңдағы ойыншылар арасында күтпеген жерден жанжал туды, деп хабарлайды Sports.kz.
Алматылық "Қайрат" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.
Алматылық команданың қарсыласы Босния және Герцеговинаның қазіргі чемпионы, Конференция лигасының плей-офф кезеңіне қатысушы Баня-Лука қаласының "Борак" клубы болды.
Кездесуде гол соғылмай, ойын тең аяқталды. 90-минутта қазақстандық команда қақпашысы Темірлан Анарбеков пенальтиді кері қайтарды. Финалдық ысқырықтан кейін кенет алаңда екі команданың ойыншылары ерегесіп қалды. Оған қосалқы құрамдағылар, жаттықтырушылар штабы да қосылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2216429-qairat-futbolshylarynyng-bosniialyq-komandamen-turkiiadagy-kezdesui-tobeleske-ulasty-video/