
Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан футбол федерациясының құрылымында кадрлық өзгерістер болды. Атқарушы комитеттің шешімімен Давид Лория бас хатшы қызметіне тағайындалды", - делінген ҚФФ-ның хабарламасында.
Давид Григорьевич – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, УЕФА-ның MIP бағдарламасының түлегі.
Қазіргі таңда ол Астана қалалық мәслихатының депутаты, "Құрмет" орденінің иегері.
Естеріңізге сала кетейік, билығы қаңтарда Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2232504-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-buryngy-oiynshysy-qff-da-zhanga-lauazymga-ie-boldy/
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.