jitsu gif
Спорт

    Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері жаңа клубтың тізгінін ұстады

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: "Крылья Советов" футбол клубының ресми сайты

    Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев "Крылья Советов" клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы самарлық футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 47 жастағы маманмен бір жылға келісімшарт жасалған. Тараптардың қалауымен келісімшарттың уақыты ұзартылуы мүмкін.

    Адиев бұған дейін "Химки" футбол клубында қызмет етті. Ол биылғы сәуірде бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен команда Ресей Премьер-Лигасын 12-ші орынмен аяқтап, жоғарғы дивизиондағы орнын сақтап қалды.

    Алайда ресейлік клбу келесі кезеңге қатысушы үшін лицензия ала алмады. Клубтың миллиондаған қаразы бары айтылды. "Ведомости" басылымының жазуынша, клуб өкілдері Мәскеудің төрелік сотына өздерін банкрот деп жариялау үшін жүгінген.

    Айта кетейік, Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында басқарды. Оның жетекшілігімен команда Ұлттар лигасының келесі дивизионына көтерілді, Еуро-2024 іріктеуінде 4-орын иеленді және плей-офф кезеңі арқылы Еуропа чемпионатының финалдық cатысына тарихи жолдама алуға шақ қалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.