jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Полиция Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" матчына байланысты мәлімдеме жасады

    "Қайрат" ойыншылары
    "Қайрат" ойыншылары. Фото: "Қайрат" ФК-ның баспасөз қызметі

    Полиция Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" матчына байланысты жанкүйерлерге үндеу жасап, билеттерді сатып алу кезінде аса мұқият болуға шақырады. Бұл туралы Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Полицияның мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, ірі спорттық және мәдени іс-шаралар кезінде интернет арқылы жалған билеттер ұсынатын алаяқтар белсенді әрекетке көшеді.

    Осы орайда полиция азаматтарға билеттерді тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынады.

    "Қала тұрғындары мен қонақтарына ескертеміз: алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен қатар, алаяқтық тізбектердің қаупі де жоғарылайды. Еш уақытта билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет-платформалардан сатып алмаңыз.

    Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз", - дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.

    Полиция күмәнді хабарландырулар мен алаяқтық деректері анықталған жағдайда бірден "102" нөміріне хабарлау қажет екенін еске салады.

    Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал" арасындағы ойын 30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді. Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы да осы матч бойынша билет сатылымына қатысты мәлімдеме жасаған еді.

    Полиция Алматыда өтетін "Қайрат" – "Реал" матчына байланысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.