jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қай қонақүйге орналасқаны белгілі болды (видео)

    қонақүй
    Қонақүй. Видеодан кадр: t.me/sportilinet

    "Реал Мадрид" командасы қай қонақүйге орналасқаны белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол жерге басқа қонақтарды қабылдамай жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Реал Мадрид" ресми сайтының хабарлауынша, команда Алматыдағы InterContinental қонақүйіне орналасқан.

    Спорт Шредингера басылымы Алматы әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан бес жұлдызды қонақүйді брондау мүмкін емес екенін анықтады. Автор "Реал Мадрид" қонақүйді түгел брондады деген болжам жасаған.

    Сондай-ақ басылымның Telegram желісіндегі арнасында испан командасын тіпті қонақүйде де жанкүйері мазалап жатқан сәтінен видеолар жарияланды. Кадрлардан атақты футболшыларды жанкүйері дәлізде қоршап алып, телефондарына түсіріп жатқанын көруге болады.

    Желіде Килиан Мбаппенің өзіне тамақ салып жатқан сәті жасырын түсірілген видео да жарияланды.

    Еске сала кетейік, кеше түнде Алматы әуежайына Испанияның "Реал Мадрид" клубының ойыншылары мінген ұшақ қонды. Қайраттың қарсыласын қазақстандықтар қалай қарсы алғаны туралы жазғанбыз.

    "Реал Мадрид" командасы Алматыдағы қай қонақүйге орналасқаны белгілі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.