"Реал Мадрид" Алматыда жаттығу өткізді (фото, видео)
Опубликовано:
Читать на русском
29 қыркүйекте "Реал Мадрид" Instagram желісіндегі ресми парақшасында Алматыда өтетін матч алдындағы жаттығу сәтінен түсірілген кадрларды бөлісті. Испания клубы бүгін, 30 қыркүйекте "Қайратпен" ойнайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жарияланған кадрлардан корольдік клуб футболшылары шеберліктерін шыңдап, жаңа алаңға бейімделіп жатқанын байқауға болады – бұл олардың Алматыға алғаш рет келуі.
Қазақстандық жанкүйерлер "Реал Мадридтің" жазған жазбаларына жүздеген пікір қалдырды.
"Мбаппе, біздің қасқырларға мүмкіндік бер", "Қайрат 5:1 есебімен жеңеді", "Біз "Барселона" емеспіз", - деп жазды жанкүйерлер.
Сондай-ақ пікір қалдырушылардың бірқатары алматылық клубқа қолдау білдірген.
"Реал Мадрид" профилінде "Қайрат, Алға" деген пікірлер пайда болды.
29 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайына "Реал Мадрид" клубының ойыншылары мінген ұшақ қонған болатын. "Қайраттың" қарсыластарын қазақстандықтар қалай қарсы алғаны туралы бұған дейін жазған едік.
Кейін "Реал Мадрид" командасы қай қонақ үйге жайғасқаны белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол жерде бөлме броньдау мүмкін емес.
30 қыркүйекте "Қайрат" "Реалмен" кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді, басталуы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2291826-real-madrid-almatyda-zhattygu-otkizdi-foto-video/