jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    БАҚ: Мбаппе "Қайрат" – "Реал" матчында алаңға негізгі құрамда шықпайды

    Французский футболист Килиан Мбаппе
    Килиан Мбаппе. Фото: Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

    Килиан Мбаппе "Қайрат" – "Реал" ойынында жасыл алаңға негізгі құрамда шықпайды, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Басылымның Defensa Central басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, мадридтік "Реалдың" жұлдызы Килиан Мбаппе кездесуді алғашқы минуттардан бастамайды. Француз шабуылшысы тек қосалқы құрамнан алаңға шығуы мүмкін. Бұл шешімге клубтың бас бапкері Хаби Алонсоның өзіндік жоспары әсер еткен.

    "Мен алаңға он бір ойыншымен шығамын, және бұл он бір ойыншы — мадридтік "Реалдың" ойыншылары. Бұл өте бәсекеге қабілетті команда болады. Біз алғаш рет топтық кезеңде өнер көрсетіп отырған, бірақ жақсы ойнайтын қарсыласпен кездесеміз. Сондықтан бізден жоғары деңгейдегі ойынды талап етеді", - деді Хаби Алонсо матч алдындағы баспасөз конференциясында.

    Айта кетейік, матч 30 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

    БАҚ: Мбаппе "Қайрат" – "Реал" матчында алаңға негізгі құрамда шықпайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.