Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Реал" бастапқы құрамдарын жариялады
Опубликовано:
Алматылық "Қайрат" пен мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчқа арналған бастапқы құрамдарын жариялады. Бұл туралы УЕФА ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Екінші тур аясындағы матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы - 21:45.
"Қайрат" футбол клубының капитаны - белорусиялық қорғаушы Александр Мартынович. Команда сары-қара түсті формада алаңға шығады. Алаң қожайындарының бас бапкері - Рафаэль Уразбахтин.
"Қайраттың" бастапқы құрамы:
Қақпашы: Шерхан Қалмұрза (№82);
Қорғаушылар: Еркін Тапалов (№20), Александр Мартынович (№14, капитан), Егор Сорокин (№80), Луиш Мата (№3);
Жарытлай қорғаушылар: Александр Мрынский (№24), Дамир Қасаболат (№4), Офри Арад (№15), Валерий Громыко (№55);
Шабуылшылар: Жоржинью (№7), Дастан Сәтпаев (№9).
Бұл ойында "Реалдың" капитаны бразилиялық Винисиус Жуниор болады. Испаниялық команданың бас бапкері - Хаби Алонсо.
"Реалдың" бастапқы құрамы:
Қақпашы: Тибо Куртуа (№1);
Қорғаушылар: Фран Гарсия (№20), Давид Алаба (№4), Дин Хейсен (№24), Рауль Асенсио (№17);
Жартылай қорғаушылар:: Винисиус Жуниор (№7, капитан), Орельен Тчуамени (№14), Дани Себальос (№19), Франко Мастантуоно (№30);
Шабуылшылар: Килиан Мбаппе (№10), Арда Гюлер (№15).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2292183-chempiondar-ligasy-qairat-pen-real-bastapqy-quramdaryn-zhariialady/