jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "4:0":Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнді ойсырата жеңді

    Қазақстан құрамасы
    Қазақстан құрамасы. Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Лихтенштейн командасын ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Командалар J тобының жетінші туры аясында матч өткізді. Бұл Талғат Байсуфиновтың тағайындалуынан кейін өткен алғашқы ойын болды. Кездесу "Астана Аренада" өтіп, 4:0 есебімен алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды.

    Ойынның есебін 26-минутта Ғалымжан Кенжебек ашты. Екі минуттан кейін жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов (28) есепті еселеді.

    Үзілістен кейін бірінші голдың авторы Ғалымжан Кенжебек (59) дубль жасады. Ойынның нүктесін Әлібек Қасым қойды. Кездесудің 81-минутында ол есепті 4:0 жасады.

    "4:0":Қазақстан құрамасы өз алаңында Лихтенштейнді ойсырата жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.