jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қайрат" сапына тағы бір шетелдік ойыншы қосылды (фото)

    Қайрат Боранбаев және Яакко Оксанен
    Қайрат Боранбаев және Яакко Оксанен. Фото: "Қайрат" ФК

    "Қайрат" футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Яакко Оксаненмен келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған.

    Яакко кәсіби мансабын финляндиялық "ХИК" клубында бастаған. 2018 жылы англиялық "Брентфорд" клубына ауысып, екінші командасында ойнаған. Кейін "Уимблдон" және шотландиялық "Мортон" клубтарында өнер көрсеткен.

    2022 жылы жартылай қорғаушы Финляндияға оралып, "КуПС" клубымен келісімшартқа отырып, "Қайратқа" ауысқанға дейін сол клубта ойнаған.

    Айта кетейік, осы маусымда Яакко "Қайрат" командасымен УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездескен еді. Екі матчтың қорытындысы бойынша алматылық команда 3:2 есебімен жеңіске жетті, ал Яакко бірінші ойында гол соққан болатын.

    Жалпы осы маусымда Яакко Оксанен 51 матч өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

    Ол Финляндия ұлттық құрамасы сапында 1 матч, U-21 жастар құрамасында 15 матч өткізген.

    "Қайрат" сапына тағы бір шетелдік ойыншы қосылды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.