jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Дастан Сәтпаев Еуропада үздіктер қатарына енді

    Дастан Сәтпаев
    Дастан Сәтпаев.Фото: Ida Marie Odgaard / Ritzau Scanpix / AFP via Getty Images

    Футбол скауты Яцек Кулиг X әлеуметтік желідегі парақшасында 2025 жылғы Еуропа чемпионаттарында өнер көрсеткен 21 жасқа дейінгі үздік сұрмергендердің тізімін жариялады, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Аталған рейтингке "Қайрат" клубының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев та енген. Былтыр жас футболшы алматылық ұжым сапында 19 гол соғып, Еуропаның ең нәтижелі таланттарының қатарына қосылды.

    Бұл көрсеткіш бойынша Сәтпаевтың алдында тек үш футболшы бар, ал "Барселонаның" вингері Ламин Ямаль (21 гол) қазақстандық футболшыдан екі гол ғана артық соққан. Ал тізімнің көш басында "Мидтьюлланд" шабуылшысы Франкулину Джу (23 гол) мен "Порту" ойыншысы Саму Агехова (25 гол) орналасқан.

    Еске салайық, Дастан Сәтпаев 2026 жылдың тамыз айында, кәмелет жасына толған соң ресми түрде "Челси" клубының ойыншысы атанады. Қазақстандық жас талант 2024 жылдан бері "Қайрат" сапында өнер көрсетіп келеді.

    Дастан Сәтпаев Еуропада үздіктер қатарына енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.