jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Барселона" "Реал Мадридті" ұтып, Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды

    Барселона ойыншылары
    Барселона футболшылары. Фото: Yasser Bakhsh/Getty Images

    "Барселона" футболшылары Испания Суперкубогының финалында "Реал Мадридті" ұтып, қатарынан екінші рет титулды жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Төрт команда қатысқан турнир Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтті. Жартылай финалда "Барселона" "Атлетик Бильбаоны" 5:0 есебімен, ал"Реал Мадрид" "Атлетико Мадридті" 2:1 есебімен жеңген.

    Испания Суперкубогының шешуші матчы каталондықтардың пайдасына 3-2 есебімен аяқталды. Бразилиялық шабуылшы Рафинья екі гол соқты (36 және 73 минуттар), тағы бір голды поляк шабуылшысы Роберт Левандовски соқты (45+4).

    "Реал Мадрид" қоржынындағы голдардың авторы – бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор (45+2) және испаниялық шабуылшы Гонсало Гарсия (45+6) .

    Матч соңында каталондықтар алаңда он-ақ ойыншымен қалды. Голландиялық жартылай қорғаушы Френки де Йонг (90+1) қызыл қағаз алды.

    "Барселона" Испания Суперкубогын қатарынан екінші рет жеңіп алып, турнирдегі жеңістер саны бойынша жаңа рекорд орнатты (16). "Реал Мадрид" титулдар саны бойынша екінші орында (13).

    "Барселона" "Реал Мадридті" ұтып, Испания Суперкубогының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.