jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Лондонда өтетін "Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері сатылымға шықты

    "Қайрат" қақпашысы
    "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    2026 жылғы 28 қаңтарда Лондондағы Emirates Stadium стадионында жергілікті уақытпен 20:00-де (01:00 Алматы уақыты) УЕФА Чемпиондар лигасы аясында "Арсенал" – "Қайрат" матчы өтеді. Билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қайрат" футбол клубының Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, қонақ секторына арналған билет Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатылып жатыр. Билет қайтарылмайды.

    Қазақстандықтар алматылық клубқа ағылшын Премьер-лигасының көшбасшысына қарсы өтетін тарихи ойында стадионнан қолдау көрсете алады.

    Айта кетейік, алматылық "Қайрат" футбол клубы 20 қаңтарда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші туры аясында Бельгияның "Брюгге" командасымен ойнайды. Кездесу "Астана Арена" стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.

    Лондонда өтетін "Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері сатылымға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.