jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Сәлем, Астана": бельгиялық "Брюгге" клубының футболшылары Астанаға келді

    Брюгге
    "Брюгге" футболшылары. Фото: instagram.com/clubbrugge

    Бельгиялық "Брюгге" клубының футболшылары Чемпиондар Лигасы аясындағы "Қайрат" командасымен кездесу үшін Астанаға келді. Клуб желідегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бельгиялық клуб Instagram желісіндегі парақшасында Астанаға ұшар алдында түскен видеосын жариялады. Онда футболшылар елордаға жеткенше ұшақта не істегендерін көрсетті.

    "Сәлем, Астана!" - деп жазылған видео сипаттамасында.

    Клуб Астанаға жеті сағатта жеткен.

    "Қазақстанға қош келдіңіздер", - деп қарсы алды қазақстандық жанкүйер қонақтарды.

    Брюггенің жазбасына пікір қалдырғандар арасында "Қайратты" қолдап, Алматы клубына сәттілік тілегендер де болды.

    Бельгиялықтар Астанада түсірген видеоларын да жариялады – спортшылар Қазақстан астанасына келіп, көрікті жерлерін аралап, қаланы тамашалады.

    Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" Чемпиондар Лигасындағы соңғы екі ойынын өткізуге дайындалып жатыр. 20 қаңтарда команда "Астана Аренада" Бельгияның "Брюгге" командасын қабылдайды. 28 қаңтарда алматылық команда Лондонда "Арсеналмен" ойнайды.

    "Сәлем, Астана": бельгиялық "Брюгге" клубының футболшылары Астанаға келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.