jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Футболдан Қырғызстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері "Ақтөбенің" тізгінін ұстады

    Штефан Таркович
    Штефан Таркович. Фото: "Ақтөбе" ФК-ның баспасөз қызметі

    53 жастағы словакиялық маман Штефан Таркович "Ақтөбе" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы клуб Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Тәжірибесі мол жаттықтырушыны ақ-қызылдар құрамында жылы қарсы ала отырып, оған және оның бапкерлік штабына "Ақтөбені" жарқын жеңістерге жеткізу бағы бұйырсын деген тілек айтамыз", - делінген хабарламада.

    Ойыншы ретінде Таркович өз отанындағы "Татран", "Рапид" сияқты бірқатар клубта өнер көрсеткен.

    Бапкерлік мансабын Братиславаның "Спойе" клубында бастап, кейіннен Словакияның U17, U18, U19 (оның ішінде қыздар) құрамаларында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

    Сондай-ақ Таркович "Кошице", "Татран" (Прешов) және "Жилина" сияқты бірнеше словакиялық команданы жаттықтырған. 2020-2022 жылдары Словакия ұлттық құрамасының бас бапкері болған.

    2023 жылғы сәуірде Қырғызстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалып, 2024 жылғы маусымда келісімшарттың аяқталуына байланысты бұл қызметтен кетті.

    Футболдан Қырғызстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері "Ақтөбенің" тізгінін ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.