jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БАҚ: 15 жастағы қазақ баласы "Барселонамен" келісімшартқа отырды

    Кәрім Меңдіқанов
    Кәрім Меңдіқанов. Фото: instagram/theaacademybcn

    15 жастағы қазақ футболшысы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Испанияның балалар-жасөспірімдер футболы халықаралық таланттарды өзіне тартуды жалғастырып жатыр және назарымызды аударған есімдердің бірі – Кәрім Меңдіқанов. 2011 жылы туған Қазақстаннан шыққан жас футболшы "Барселонамен" келісімшартқа қол қойды және келесі маусымда клубқа қосылады", - делінген мақалада.

    Меңдіқанов Испанияға 2022 жылы келген және содан бері жергілікті жерде жаттығып жүр.

    Өткен маусымда Меңдіқанов аймақтық лигада "Серданьола" клубында ойнаған. Биыл ол "Сант-Кугат" клубына ауысып, команда көшбасшысы атанған. Дәл осы жерде оны ірі клубтардың скауттары байқаған.

    Айта кетейік, Кәрім Меңдіқанов атақты "Барселона" клубымен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ футболшысы болмақ.

    БАҚ: 15 жастағы қазақ баласы "Барселонамен" келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.