jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық екі төреші төрешілік қызметінен уақытша шеттетілді

    Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова
    Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова. Фото: ҚФФ

    Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова төрешілік қызметінен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованың ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін хабарлайды.

    Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателікке байланысты қабылданды", - делінген хабарламада.

    ҚФФ аталған қателіктер матч нәтижесіне әсер еткенін мәлімдеді.

    "Олардың алдағы мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім ҚФФ-ның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚФФ "Ордабасы" - "Атырау" матчына қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді.

    Маман төрешілік кезінде жіберілген қателіктер туралы егжей-тегжейлі айтып, әрбір эпизодты талдаған болатын.

    Қазақстандық екі төреші төрешілік қызметінен уақытша шеттетілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.