jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сәтпаевтың ізімен: 16 жастағы өзбекстандық футболшы "Челсимен" келісімшартқа отырды

    "Челси" футбол клубы
    "Челси" футбол клубы. Иллюстрациялық фото: Visionhaus/Getty Images

    Әйгілі ағылшын футбол клубы "Челсидің" академиясы 16 жастағы өзбек футболшысы Зуфархужа Акрамхужаевпен келісімшартқа отырды.

    Repost.uz басылымның мәліметінше, өзбекстандық жас ойыншы сынақтан сәтті өтіп, Челси академиясымен келісімшартқа отырған. Ол U-15 командасында ойнайды.

    Sports.kz-тің жазуынша, Акрамхужаев 2010 жылы Әндіжанда дүниеге келген. Бұған дейін ол "Әндіжан-SGC" командасында ойнаған.

    Дереккөздердің мәліметінше, өзбекстандық ойыншы "Челси" академиясына биыл қыркүйек айында ауысады. Келісімшарт екі жылға жасалған. Қазіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталуға жақын.

    Айта кетейік, осы уақытқа дейін "Челси" сапында Орталық Азиядан жалғыз ғана футболшы болды. Ол – Қазақстан ұлттық құрамасының және "Қайраттың" шабуылшысы 17 жастағы Дастан Сәтпаев. Оны клуб 2025 жылдың басында 4 миллион фунт стерлингке сатып алды.

    Қазақ футболшысы лондондық клуб қатарына биыл тамызда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін қосылады.

    Сәтпаевтың ізімен: 16 жастағы өзбекстандық футболшы "Челсимен" келісімшартқа отырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.