jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ресми: "Реал Мадрид" Жозе Моуриньоның бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады

    бапкер Жозе Моуринью
    Жозе Моуринью. Фото: FILIPE AMORIM / AFP via Getty Images

    Португалиялық белгілі маман Жозе Моуриньо "Реал Мадридтің" жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы испаниялық футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тиісті шешімді маусымда "Реал Мадридтің" президенті болып қайта сайланған Флорентино Перес төрағалық ететін директорлар кеңесі мақұлдаған.

    Моуриньомен келісімшарт үш маусымға яғни 2029 жылғы 30 маусымға дейін жасалған. 63 жастағы португалиялық бапкер жаттығу процесіне 13 шілдеден бастап кіріседі.

    Сондай-ақ лиссабониялық "Бенфика" командасы да бұған дейін бас бапкері болған Моуриньоның "Реалға" ауысуға келіскенін мәлімдеді.

    Ал мадридтіктердің бұрынғы бас бапкері Альваро Арбелоа 9 шілдеде клубтан кеткен.

    Айта кетейік, Жозе Моуриньо бұған дейін 2010-2013 жылдары "Реал Мадридің" бас бапкері қызметін қызметн атқарды. Оның басшылығымен команда Испания чемпионатында, кубогында және суперкубогында жеңіске жетті.

    Ресми: "Реал Мадрид" Жозе Моуриньоның бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.