jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Футболдан әлем чемпионаты: 13 маусымдағы ойындар кестесі

    Футболдан ӘЧ-2026 маскоттары
    Футболдан ӘЧ-2026 маскоттары. Фото: Toya Sarno Jordan/FIFA via Getty Images

    2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының екінші күнінде қабылдаушы екі елдің құрама командалары – Канада мен АҚШ бақ сынасады. KAZ.NUR.KZ Қазақстан уақыты бойынша матчтар кестесін ұсынады.

    Әлем чемпионатын өткізіп жатқан елдердің бірі – Мексика біріншілік басталған күні ойнап, алғашқы матчта Оңтүстік Африка Республикасын 2-0 есебімен жеңді. Келесі кезекте Канада мен АҚШ командалары өз алаңында ойнайды.

    Қазақстан уақыты бойынша, бұл ойындар 13 маусымда өтеді:

    00:00 (12-нен 13 маусымға қараған түні): Канада - Босния және Герцеговина. B тобы, "Бимо Филд", Торонто

    06:00 (13 маусым): АҚШ - Парагвай. D тобы, "Соу-Фай", Инглвуд

    Қос матч та Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram