Футболдан ӘЧ-2026: Австрия мен Иордания кездесуінде автогол мен пенальти соғылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футболдан Австрия құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Иорданияны ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
J тобының бірінші тур ойыны АҚШ-тың Санта-Клара қаласындағы "Левайс" стадионында өтті Матч 3:1 нәтижесімен Австрияның пайдасына шешілді.
Австриялықтар бірінші таймның 21-ші минутында алға шықты, алғашқы голды соққан – жартылай қорғаушы Романо Шмид.
Екінші таймның басында иорданиялық шабуылшы Али Олван есепті теңестірді. 67-минутта аустриялық шабуылшы Марко Арнаутович өз командасына тағы да алға шығуға мүмкіндік берді, бірақ VAR тексеруінен кейін гол есепке алынбады.
Он минут өтпей Иордания қорғаушысы Язан Әл-Араб өз қақпасына гол соқты. Матч нүктесін Марко Арнаутович қойды, ол қолмен ойнаған иорданиялық ойыншының қатесінен кейін белгіленген пенальтиді голға айналдырды.
Бұл жеңістен соң Ральф Рангниктің шәкірттері қоржынына үш ұпай салды және Аргентинамен бірге J тобында көш бастап тұр.
Иордания да Алжир сияқты қазіргі уақытта ұпайсыз қалып отыр және келесі ойында бір-бірімен ойнайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2389501-futboldan-ach-2026-avstriia-men-iordaniia-kezdesuinde-avtogol-men-penalti-sogyldy/