jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Футболдан ӘЧ-2026: Қатар құрамасы Канададан ойсырай ұтылды

    Канада
    Канада құрамасы. Фото: Fran Santiago/Getty Images

    Футболдан Канада құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Қатарды жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    В тобының екінші тур ойыны Канаданың Ванкувер қаласындағы "Би-Си"стадионында өтті. Матчта алаң иелері 6:0 есебімен жеңіске жетті.

    Шабуылшы Джонатан Дэвид (29, 45+3, 90+2) хет-трик жасады. Кайл Ларин (16) мен Натан Салиба (64) да бір-бір голдан соқты. Қатардың жартылай қорғаушысы Мохаммад Әл-Маннаи (75) өз қақпасына гол соғып алды.

    Ойын барысында Қатардың екі қорғаушысы Хомам Ахмед пен Ассим Мадибо алаңнан қуылды.

    Екі турдан кейін Канада Швейцария сияқты төрт ұпай жинады. Командалар В тобындағы алғашқы екі орынды бөлісіп отыр. Төрттіктің көшбасшылары 25 маусымда өтетін соңғы турда бетпе-бет кездеседі.

    Қатар мен Босния Герцеговинаның әрқайсысында бір ұпай бар және олар 25 маусымда өзара ойнайды.

    Естеріңізге сала кетейік, өз топтарында алғашқы екі орынды иеленген командалар плей-офф кезеңіне өтеді. Өз тобында үшінші орын алған команданың да барлық үшінші орын алған командалардың рейтингісіне сүйене отырып, келесі кезеңге өту мүмкіндігі бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram