jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Футболдан ӘЧ-2026: Испания Сауд Арабиясын ірі есеппен ұтты

    Футболшы Ламин Ямаль
    Футболшы Ламин Ямаль. Фото: Buda Mendes/Getty Images

    Испания құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясын ойсырата жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    H тобындағы екінші тур аясында матч АҚШ-тың Атлантадағы "Мерседес-Бенц" стадионында өтті. Ойын 4:0 есебімен аяқталды.

    Алғашқы голды 18 жастағы шабуылшы Ламин Ямаль (10-шы минутта) соқты. Ол әлем чемпионаты тарихында 18 жасында гол соққан екінші футболшы. Бірінші голды 1958 жылғы әлем чемпионатында 17 жастағы бразилиялық Пеле соққан еді.

    Шабуылшы Микель Оярсабал (21 және 24) Сауд Арабиясы қақпасына екі гол салды. Матчтың 49 минутында Сауд Арабиясы құрамасының қорғаушысы Хасан Аль-Тамбакти (49) өз қақпасына гол соғып алып, есеп 4:0-мен аяқталды.

    Испания алғашқы жеңісі арқылы төрт ұпайға қол жеткізді, сөйтіп топта көш бастады.

    Айта кетейік, 12 топтың әрқайсысынан үздік атанған екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Үшінші орын алған сегіз үздік команданың да 1/16 финалға жолдама алуға мүмкіндігі бар.

    Футболдан ӘЧ-2026: Испания Сауд Арабиясын ірі есеппен ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.