jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Салахтың голының арқасында Мысыр құрамасы Жаңа Зеландиядан басым түсті

    Мысыр-Жаңа Зеландия кездесуі
    Мысыр – Жаңа Зеландия құрамаларының кездесуі. Фото: Alex Grimm/Getty Images

    Мысыр құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Жаңа Зеландияны ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ванкувердегі "Би-Си Плейс"стадионында өткен H тобындағы екінші тур ойыны 3:1 есебімен аяқталды.

    Бірінші таймда Жаңа Зеландия құрамасы қорғаушы Финн Серманның (15-минут) голымен алға шықты. Үзілістен кейін Мысыр үш гол соқты, гол авторлары – шабуылшылар Мұхамед Зико (59), Мұхамед Салах (67) және Трезеге (82).

    Мысырдың алғашқы жеңісі командаға төрт ұпай жинауға мүмкіндік берді, сөйтіп олар топта көш бастады. Жаңа Зеландия бір ұпаймен кестенің соңында тұр. Бельгия мен Иранда екі ұпайдан бар.

    12 топтың әрқайсысынан үздік екі команда плей-офф кезеңіне өтеді. Үшінші орын алған сегіз үздік команда да 1/16 финалға өтеді.

    Салахтың голының арқасында Мысыр құрамасы Жаңа Зеландиядан басым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.