Тарихи жеңіс: Футболдан Эквадор құрамасы Германияны ұтып, келесі кезеңге жолдама алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Эквадор құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Германияны жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
E тобының үшінші турындағы ойын Ист-Ратерфордтағы "Метлайф" стадионында өтті, матч 2:1 есебімен аяқталды.
Немістер матч басында допқа иелік етті, шабуылшы Лерой Сане қарсылас қапасына (2-минут) гол соқты, оған жартылай қорғаушы Флориан Вирц пас берді.
Көп ұзамай эквадорлық жартылай қорғаушы Педро Витенің пасын сәтті пайдаланған шабуылшы Нильсон Ангуло (9) Германия қақпасына дәл соққы жасап, есепті теңестірді.
Эквадор құрамасы бұрыштама добынан кейін жеңіс голын соқты. Шабуылшы Кевин Родригестің пасын әріптесі Гонсало Плата (77) голға айналдырды.
Эквадор алғашқы жеңісінің арқасында төрт ұпай жинады. Команда үшінші орынға ие болды.
Немістер өз тобында алты ұпаймен алда тұр. Кюрасао бір ұпаймен турнир кестесінің соңында қалып, жарыс жолынан шықты.
Эквадор мен Германия арасындағы матчқа америкалық Тори Пенсо есімді әйел командасымен бірге төрелік етті. Ол ерлер арасындағы әлем чемпионатында екі ойынға төрелік еткен тарихтағы алғашқы әйел атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2393093-tarihi-zhengis-futboldan-ekvador-quramasy-germaniiany-utyp-ketti/