jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Өзбекстанның соңғы мүмкіндігі: ӘЧ-тің 28 маусымдағы ойындар кестесі

    Футболдан Өзбекстан құрамасы
    Футболдан Өзбекстан құрамасы. Фото: Өзбекстан футбол қауымдастығы

    Қазақстан уақыты бойынша 28 маусым, жексенбіде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталады. KAZ.NUR.KZ назарларыңызға матч кестесін ұсынады.

    Топтық кезеңнің шешуші ойындары АҚШ-та J, K және L топтарындағы командалар арасында өтеді және бір уақытта басталады.

    Өзара кездесуде Португалия мен Колумбия топ жеңімпазын, Австрия мен Алжир футболшылары Аргентинадан кейін плей-офф кезеңіне екінші жолдаманы кім алатынын анықтайды.

    Ал Өзбекстан құрамасы 1/16 финалға шығу үшін Конго Демократиялық Республикасын кем дегенде алты гол айырмашылығымен жеңуі қажет.

    Қазақстан уақыты бойынша 28 маусымға арналған ойындар кестесі:

    • 02:00. Панама - Англия. L тобы, "Метлайф" стадионы, Ист-Ратерфорд. Тікелей эфир: "Qazaqstan"
    • 02:00. Хорватия - Гана. L тобы, "Линкольн Файненшел Филд" стадионы, Филадельфия. Тікелей эфир: "Qazsport"
    • 04:30. Колумбия - Португалия. K тобы, "Хард Рок" стадионы, Майами-Гарденс. Тікелей эфир: "Qazaqstan"
    • 04:30. Конго ДР - Өзбекстан. K тобы, "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта. Тікелей эфир: "Qazsport"
    • 07:00. Иордания - Аргентина. J тобы, "Эй-Ти-энд-Ти" стадионы, Арлингтон. Тікелей эфир: "Qazaqstan".
    • 07:00. Алжир - Австрия. J тобы, "Эрроухед" стадионы, Канзас-Сити. Тікелей эфир: "Qazsport"

    Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының толық кестесін мына жерден көруге болады.

    Өзбекстанның соңғы мүмкіндігі: ӘЧ-тің 28 маусымдағы ойындар кестесі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.