Футболдан әлем чемпионатында Марокко Нидерланд құрамасын жеңіп, келесі кезеңге өтті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Марокко құрамасы АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Нидерланд құрамасын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Марокко мен Нидерланд арасындағы тартысты кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Коди Гакпо Нидерландты алға шығарса, матчтың 90+1 минутында Исса Диоп есепті теңестіріп, ойынды пенальти сериясына жеткізді.
Пенальти сериясында марокколықтар 3:2 есебімен басым түсіп, келесі кезеңге өтті.
Енді Марокко 1/8 финалда турнир қожайындарының бірі Канада құрамасымен кездеседі. Матч 4 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2394307-futboldan-alem-chempionatynda-marokko-niderland-quramasyn-zhengip-kelesi-kezengge-otti/