jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Лондонға кеткен Дастан Сәтпаевтың "Челси" алаңында жаттығып жүрген сәтінен кадрлар жарияланды

    Дастан Сәтпаев, Қайрат Боранбаев
    Қайрат Боранбаев және Дастан Сәтпаев. Фото: instagram.com/@kairat4

    Алматылық "Қайрат" футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Instagram желісіндегі парақшасында Лондонға сапары барысында "Челсидің" жаттығу алаңына барып, шабуылшы Дастан Сәтпаевпен кездескен сәтінен фото-видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қайрат Боранбаев 17 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевпен Лондонның Кобхэм қалашығындағы "Челсидің" оқу-жаттығу базасында кездесті. Боранбаев алматылық клубтың бұрынғы ойыншысының жаңа командаға қалай бейімделіп жатқанын айтты.

    "Лондонға сапарым кезінде мен Кобхэмдегі "Челсидің" жаттығу базасына барып, Дастанмен кездестім.

    Ең бастысы, оның көңіл-күйі керемет, жұмысына толықтай көңіл бөліп жүр, мансабының жаңа кезеңін бастап жатыр. Қазақстан чемпионатының қызған кезінде кеткені себепті Дастан Лондонға ұзақ үзіліссіз, жақсы физикалық формада келді. Жас футболшы үшін бұл бейімделу кезеңіндегі маңызды артықшылық.

    Дастанның жолы бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған ұл балаға шабыт береді деп үміттенемін. Әр жас футболшы мынаны түсінуі керек: мүмкіндіктер шегі сенің қай жерде туғаныңа байланысты емес. Ол сенің мінезіңе, көп еңбек етуге деген ықыласыңа және күн сайын өзіңді жетілдіруге деген ұмтылысыңа байланысты.

    Бұл тек бастамасы деп сенемін. Дастаннан кейін басқа да қазақстандық футболшылар әлемнің ең мықты клубтарына қосылатынына сенімдімін. Біздің міндетіміз олар үшін осы жолды жасау және Қазақстанның әлемдік деңгейдегі ойыншыларды тәрбиелеуге қабілетті екенін дәлелдеу", - деп жазды Боранбаев.

    Дастан Сәтпаевтың "Қайраттан" "Челсиге" төрт миллион еуроға ауысуы Қазақстан футболы тарихындағы ең қымбат трансфер саналады. Ресми түрде ол Лондон клубына 18 жасқа толғаннан кейін, тамызда қосылады.

    Лондонға кеткен Дастан Сәтпаевтың "Челси" алаңында жаттығып жүрген сәтінен кадрлар жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.