Криштиану Роналду әлем чемпионатындағы соңғы ойынынан кейін көз жасына ерік берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
2026 жылғы әлем чемпионатынан шығып қалған Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду эмоцияға ерік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Португалиялықтар 1/8 финалда Испанияға 0-1 есебімен есе жіберді. Жалғыз голды Микель Мерино қосымша уақыттың бірінші минутында соқты.
Роналду алаңғы матчтың басынан бастап ойнады. Ол допты қақпаға үш рет бағыттады, сондай-ақ 12 пас берді (10-ы дәл).
Финалдық ысқырықтан кейін португалиялық шабуылшы қарсыластарын құттықтады. Кейін көз жасына ерік берді. Бұл Роналду үшін соңғы әлем чемпионаты болды, оны жақында өзі айтқан. Дегенмен 41 жастағы футболшы Португалия құрамасынан кететінін нақтылаған жоқ.
Роналду барлығы алты әлем чемпионатына қатысты, бұл жетістікті тек аргентиналық Лионель Месси қайталады.
Португалиялық футболшы – тарихта алты әлем чемпионатында гол соққан жалғыз ойыншы. Бұл турнирде ол үш гол соқты – топтық кезеңде Өзбекстанға екі гол, ал 1/16 финалда Хорватияға қақпасына бір гол соқты.
Испаниямен ойында Роналду ұлттық құрама сапында өткізген матч саны бойынша әлемдік рекордын жаңартты – 233. Сондай-ақ ол ұлттық құрама деңгейіндегі ең көп гол соққан ойыншы болып отыр – 146 гол.
Роналду әлем чемпионы бола алмады. Алайда ол Португалия құрамасының сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатын және екі рет УЕФА Ұлттар Лигасының титулын жеңіп алған.
Cristiano Ronaldo was visibly emotional after playing his final World Cup game pic.twitter.com/kxAAPRohYi
— Football on TNT Sports (@footballontnt) July 6, 2026
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2396616-krishtianu-ronaldu-alem-chempionatyndagy-songgy-oiynynan-keiin-koz-zhasyna-erik-berdi/