jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды шаң қаптырды

    Аргентиналық футболшылар Хулиан Альварес пен Лионель Месси (солдан оңға қарай)
    Хулиан Альварес пен Лионель Месси (солдан оңға қарай). Фото: Elsa/Getty Images

    Аргентина ерлер құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысыр командасын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Екінші плей-офф кезеңінің матчы АҚШ-тың Атланта қаласындағы Mercedes-Benz стадионында өтіп, 3:2 есебімен аяқталды.

    Ойын барысы

    Матчта алғашқы екі голды Мысыр құрамасы соқты. Қорғаушы Яссер Ибрахим (15-минут) мен шабуылшы Мостафа Зико (67-минут) мергендік танытты. Оларға хавбек Марван Аттия мен форвард Хессем Хассан пас берді.

    Алайда аргентиналықтар кездесу соңында ширақ қимылдап, үш гол соқты. Қорғаушы Кристиан Ромеро (79), шабуылшы Лионель Месси (83) және жартылай қорғаушы Энцо Фернандес (90+2) көзге түсіп, командаға жеңіс сыйлады. Нәтижелі пастардың авторлары — Месси, қорғаушы Гонсало Монтьель және шабуылшы Лаутаро Мартинес.

    Маңызды сәт: 58-минутта Зико соққан тағы бір гол есепке алынбады. Бас төреші VAR жүйесінің көмегіне сүйеніп, мысырлықтар тарапынан фол болғанын анықтады.

    Мессидің рекордтары

    Бірінші таймда Месси пенальтиді сәтті орындай алмаған болатын. Оның 21-минуттағы соққысын қақпашы Мостафа Шобейр кері қайтарды. Осылайша, Аргентина құрамасының капитаны футбол тарихында бір әлем чемпионатында екі рет пенальтиден нәтиже шығара алмаған алғашқы ойыншы атанды.

    Дегенмен бұл сәтсіздікке қарамастан, Месси бірқатар тарихи көрсеткішті жаңартты:

    • әлем чемпионатында өткізген ойындар саны бойынша жеке рекордын жаңартты (31 матч).
    • әлем чемпионаттарында соққан голдар санын 21-ге жеткізді.
    • ол сондай-ақ әлем чемпионаттарында нәтижелі пас беру жөнінен (9 пас) даңқты отандасы Диего Марадонаның рекордын басып озды.

    Осы жеңістің арқасында Аргентина құрамасы 1/4 финалға жолдама алды. Енді олар Швейцария — Колумбия матчының жеңімпазымен бақ сынасады.

    Аргентина құрамасы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Мысырды шаң қаптырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.