jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қайрат" Канье Уэсттің концертіне байланысты тағы бірнеше матч кейінге шегерілгенін мәлімдеді

    "Қайрат" ойыншылары
    "Қайрат" ойыншылары. Фото: "Қайрат" ФК баспасөз қызметі

    Алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) 2026 жылғы маусымындағы бірнеше матчын кейінге шегеру туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Елдің қазіргі чемпиондары кестедегі өзгерістерді "Алматы қаласындағы Орталық стадионда бұқаралық іс-шараның өтуі және одан кейінгі нысандағы техникалық жұмыстардың жүргізілуімен" түсіндірді. Сөз 14 тамызға жоспарланған америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне қатысты болып отыр.

    "Қайраттың" өз алаңындағы астаналық "Жеңіспен" өтетін матчы 8 тамыздан кейінге ауыстырылды. Матч күні кейін бекітіледі. "Қайрат" клубы елордалық командаға "түсіністік танытып, қолдау көрсеткені үшін" алғыс білдірді.

    15 тамызға жоспарланған жезқазғандық "Ұлытауға" қарсы матч Алматыдағы Т. С. Сегізбаев атындағы академия стадионында өтеді.

    Ал "Қайраттың" павлодарлық "Ертіспен" өз алаңындағы кездесуі 22 тамыздан кейінге шегерілді, себебі ертеңінде Құрылтай сайлауы өтеді. Матчтың жаңа мерзімі туралы ақпарат кейінірек жарияланады.

    Айта кетейік, Уэсттің концертіне байланысты "Қайрат" Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі болгариялық "Левскимен" өтетін қарымта ойынын басқа алаңға ауыстыруға мәжбүр болған еді. Ол 11 тамызда "Түркістан Аренада" өтеді.

    "Қайрат" Канье Уэсттің концертіне байланысты тағы бірнеше матч кейінге шегерілгенін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.