Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы өмірден өтті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футбол ардагері, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин дүниеден озды, деп хабарлайды ҚФФ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтында Александр Лисиннің қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Александр Лисин кәсіби мансабын "Целинник" клубында бастап, кейін "Астана", "Жеңіс", "Наша Кампания", "Экибастузец-НК", "Евразия" және Степногорскінің "Химик" командаларында өнер көрсеткен.
"Кейін бірнеше жыл бойы "Астана" футбол клубының жүйесінде еңбек етіп, жас футболшыларды тәрбиелеуге үлес қосты. Ол футболды сүйген талай жас өренге жол ашып, олардың үлкен спортқа қанат қағуына себепкер болды", - делінген хабарламада.
Александр Лисин 55 жасында дүние салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2409207-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasynyng-buryngy-oiynshysy-omirden-otti/
