jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таныстырды

    Джон ван ’т Шкип
    Джон ван ’т Шкип. Фото: ҚФФ-ның баспасөз қызметі

    Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҚФФ-ның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес Атқарушы комитетпен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді.

    ҚФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.

    Футболшы ретінде Джон ван’т Шкип Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнаған. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылы Еуропа чемпионы атанған.

    Бапкерлік жолын "Аякс" жүйесінде бастап, кейін осы клубта бас бапкер қызметін атқарған. Сондай-ақ "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Аустралияның "Мельбурн Сити" командаларының тізгінін ұстаған. 2016 жылы "Мельбурн Сити" клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алған.

    Халықаралық деңгейде Джон ван’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері болған.

    Сонымен қатар футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да жасақталған. Оның құрамына бас бапкердің көмекшілері Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері Вадим Боровский және сарапшы-аналитик Тимур Құсайынов кірді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлттық құраманың бас бапкері қызметін 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы маусымға дейін Талғат Байсуфинов атқарды.

    Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерін таныстырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.