Самат Смақов қазақстандық клубтың бас бапкері болып тағайындалды
Жарияланған күні:

"Атырау" футбол клубы Самат Смақовтың команданың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан футболына жақсы таныс маман бапкерлік жолында "Ордабасы" клубының жаттықтырушылар штабында қызмет атқарып, "Елімай" командасын басқарған.
Оның жетекшілігімен семейлік клуб Премьер-Лигаға жолдама алған. Кейін Смақов "Астана" клубында техникалық директор қызметін атқарып, "Жетісудың" бас бапкері болған.
"Самат Қабирұлы футболшы ретінде де Қазақстан футболында өзіндік із қалдырған. Ұлттық құрама сапында 76 кездесу өткізіп, еліміздің алты дүркін чемпионы және төрт дүркін Қазақстанның үздік футболшысы атанған.
Жаңа бас бапкерімізге сәттілік, толағай табыс және жарқын жеңістер тілейміз!" - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Владимир Чебуриннің "Атырау" футбол клубының бас бапкері қызметінен кеткенін жазған едік.
Сол кезде инсайдерлер бұл қызметке бірнеше күн бұрын түркістандық "Тұранның" бапкерлер штабындағы көмекшісі қызметінен кеткен Самат Смақовтың тағайындалу ықтималдығын жоғары деп санаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2410151-samat-smaqov-qazaqstandyq-klubtyng-bas-bapkeri-bolyp-tagaiyndaldy/
