jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Полиция "Қайрат" – "Левски" матчының жанкүйерлеріне үндеу жасады

    полиция қызметкері
    Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін, 11 тамызда Түркістанда алматылық "Қайрат" пен болгариялық "Левски" арасындағы матч өтеді. Ойын алдында полиция футбол жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Telegram-дағы "ҚР ІІМ жаңалықтары" арнасында хабарланғандай, бүгін "Түркістан Арена" стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Қайрат" пен "Левски" командалары арасында футбол матчы өтеді.

    "Осыған байланысты полиция қалада адам көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ полиция тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырады.

    "Футбол матчын тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылық әрекеттерге жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз", - деді тәртіп сақшылары.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Левски" футболшылары УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымында өз алаңында "Қайратты" жеңген болатын.

    Қарымта кездесу 11 тамызда "Түркістан Аренада" өтетіні белгілі болды. Алматының Орталық стадионы бұл ойынды 14 тамызға жоспарланған америкалық рэпер Канье Уэсттің концертіне байланысты қабылдай алмайды.

    Полиция "Қайрат" – "Левски" матчының жанкүйерлеріне үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.