"Жабық режимде өтеді": "Қайрат" ФК "Ұлытаумен" өтетін матчқа қатысты мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) 2026 жылғы маусымындағы алматылық "Қайрат" пен жезқазғандық "Ұлытау" арасындағы матч жабық режимде өтеді. Бұл туралы "сары-қаралардың" мәлімдемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматылық клубтың мәліметінше, өз алаңындағы премьер-лиганың 9-тур матчы 15 тамыз күні сағат 18:00-де Т. С. Сегізбаев атындағы "Қайрат" ФК академиясында өтеді.
"Матчтың өту орны Орталық стадионда концерттен кейін демонтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты өзгертілді.
Инфрақұрылымдық шектеу мен трибуналардың сыйымдылығы төмен болуына байланысты матч жабық режимде болады", - делінген хабарламада.
Бұл ретте тікелей трансляция стандартты форматта ұйымдастырылады. Матчты тікелей эфирде KFF League YouTube арнасынан көруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 14 тамызда Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2412589-zhabyq-rezhimde-otedi-qairat-fk-ulytaumen-otetin-matchqa-qatysty-malimdeme-zhasady/
