"Арсенал" АПЛ-дағы жаңа маусымды ірі жеңіспен бастады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Лондондық "Арсенал" футболшылары Англия премьер-лигасында (АПЛ) "Ковентри Ситиді" өз алаңында ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлады.
2026/27 жылғы маусымның алғашқы матчы астанадағы "Эмирейтс" стадионында өтті. Ойын алаң иелерінің (3:0) жеңісімен аяқталды.
Неміс шабуылшысы Кай Хаверц 15-минутта гол соқты. Сондай-ақ ағылшын вингері Букайо Сака 23-минутта, ал норвегиялық жартылай қорғаушы Мартин Эдегор 49-минутта мергендік танытты.
Осылайша, "Арсенал" үш ұпай жинап, турнир кестесінде уақытша көш бастады. Лондондық клуб өткен маусымда АПЛ чемпионы атанған болатын.
"Ковентри Сити" Англия футболының жоғары дивизионына 25 жылдан кейін қайта оралды. Өткен маусымда бұл команда Чемпионшип жеңімпазы атанған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2416329-arsenal-apl-dagy-zhanga-mausymdy-iri-zhengispen-bastady/
