jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дастан Сәтпаевтың "Бернли" клубындағы алғашқы матчы қалай өтті

    Дастан Сәтпаев
    Дастан Сәтпаев. Фото: Darren Walsh/Chelsea FC via Getty Images

    Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Англияның "Бернли" клубындағы дебютін жасады. 18 жастағы қазақстандық футболшы Чемпионшиптің екінші турында "Вест Бромвичке" қарсы кездесуде алаңға шықты, деп хабарлайды 1bol.kz.

    Басылымның хабарлауынша, Сәтпаев бұл матчта алғаш рет жаңа командасының өтініміне еніп, ойынды қосалқы құрамда бастады. Екінші таймда, 57-минутта ол Джош Лоренттің орнына ойынға қосылды.

    Қазақстандық шабуылшы алаңға шыққан сәтте "Бернли" 1:2 есебімен жеңіліп жатқан еді. Көп ұзамай "Вест Бромвич" пенальтиден тағы бір гол соғып, басымдығын арттырды.

    Сәтпаев "Бернли" сапында 12-нөмірмен өнер көрсетеді. Оны ағылшын клубы Лондонның "Челсиінен" жалға алған.

    Осылайша қазақстандық футболшы Англиядағы жаңа кезеңін ресми түрде бастап, Чемпионшиптегі алғашқы минуттарын өткізді.

    Дастан Сәтпаевтың "Бернли" клубындағы алғашқы матчы қалай өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.