Англия дивизионында дебюттік матч өткізген Дастан Сәтпаевтың статистикасы қандай
Жарияланған күні:
Читать на русском
Мамандар Дастан Сәтпаевтың "Бернли" сапындағы алғашқы ойыны бойынша статистикасын жариялады. Бұл матчта "Бернли" "Вест Бромвичтен" жеңіліп қалды. Бұл туралы "Спорт Шредингераға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сарапшылар Дастан Сәтпаевтың "Вест Бромвичке" қарсы ойындағы шеберлігіне талдау жасады. Естеріңізге сала кетейік, "Бернли" футболшылары Англияның екінші дивизионы – Чемпионшиптің сырт алаңдағы матчында "Вест Бромвичтен" ұтылды.
Қазақстан құрамасының форварды Дастан Сәтпаев "Бернли" сапына алғаш рет ілікті. 18 жастағы футболшы алаңға 57-минутта өзге ойыншының орнына шықты.
Дастан Сәтпаев 31 жастағы Джош Лорентті алмастырды. Лорент өткен маусымда АПЛ-да 31 матч өткізіп, бір гол соққан болатын. Дастан ойын барысында допқа 22 рет таласып, 7 рет доппен алға ұмтылды. Ол 16 пас беріп, оның 14-і дәл жетті. Сондай-ақ екі дуэльде жеңіске жетіп, бір рет қарсыласына есе жіберді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2417150-angliia-divizionynda-debiuttik-match-otkizgen-dastan-satpaevtyng-statistikasy-qandai/
