jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Қайрат" Конференциялар лигасының толық ойын кестесін жариялады

    "Қайрат" футболшылары
    "Қайрат" футболшылары. Фото: "Қайрат" ФК

    "Қайрат" футбол клубы Конференциялар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңдегі ойындардың толық кестесін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ алматылық клубтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

    Команда үшінші еурокубокта алты матч өткізеді. Оның үшеуі өз алаңында, үшеуі сырт алаңда өтеді. Қазақстан уақыты бойынша ойындар кестесі мынадай:

    • 15 қазан, 21:45. "Рига" (Латвия) – сырт алаңда
    • 22 қазан, 19:30. "Панатинаикос" (Грекия) – өз алаңында.
    • 5 қараша, 22:45. "Аталанта" (Италия) – сырт алаңда.
    • 26 қараша, 20:30. "Мьельбю" (Швеция) – өз алаңында.
    • 10 желтоқсан, 20:30. "Университатя Крайова" (Румыния) – өз алаңында.
    • 18 желтоқсан, 01:00. "Твенте" (Нидерланды) – сырт алаңда.

    Плей-офф кезеңіне өту үшін жалпы кезеңнің қорытындысы бойынша үздік 24 команданың қатарына кіру қажет. Ең мықты сегіз команда тікелей 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-24 орын алған клубтар плей-оффтың қосымша кезеңінде бақ сынайды.

    "Қайрат" Конференциялар лигасының толық ойын кестесін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.