"Бернли" жеңілістер сериясын тоқтатты: Дастан Сәтпаевқа жанкүйерлер орнынан тұрып, қошемет көрсетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ағылшын футболының екінші дивизионы – Чемпионшипте "Бернли" мен "Мидлсбро" командалары тең түсті, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қарсыластар төртінші тур аясында кездесті. "Терф Мур" стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Қонақтар сапынан америкалық хавбек Эйдан Моррис 23-минутта гол соқты. Алаң иелерінен француз жартылай қорғаушысы Юго Рагубер 54-минутта мергендік танытты.
Дастан Сәтпаев "Бернли" сапында қатарынан үшінші рет негізгі құрамда шықты. Ол 81 минут өнер көрсетіп, кейін алмастырылды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы осы уақыт ішінде қарсылас қақпасына екі рет дәл соққы жасады. Екі соққыны да чехиялық голкипер Радек Витек қайтарды. Сәтпаевтың 18 пасының 17-сі дәл болды.
18 жастағы футболшы алаңнан шығып бара жатқанда, жанкүйерлер оған орнынан тұрып қошемет көрсетті. "Бернлидің" бас бапкері Ник Хайен Сәтпаевқа ойыны үшін алғыс білдірді.
Осылайша команда Чемпионшиптегі екі ойынға созылған жеңілістер сериясын тоқтатты. Дегенмен команда әлі де турнирде жеңіске жете алмай келеді.
"Бернли" екі ұпаймен турнир кестесінде 23-орында тұр. Олар тек ұпай еншілемеген "Престоннан" ғана алда келеді. Ал "Мидлсбро" жеті ұпаймен бесінші орынға көтерілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2422398-bernli-zhengilister-seriiasyn-toqtatty-dastan-satpaevqa-zhankuierler-ornynan-turyp-qoshemet-korsetti/
