Тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогы Қазақстанда өтеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.
Маңызды матч "Астана Аренада" болады. Қазақстан футболы үшін бұл - ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.
2028 жылғы Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2427914-tarihta-algash-ret-uefa-superkubogy-qazaqstanda-otedi/
