jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: Қырғызстан футбол құрамасы 0:7 есебімен ұтылып, жүлдеден қағылды

    Қырғызстан мен Жапония құрамаларының матчы
    Қырғызстан мен Жапония құрамаларының матчы. Фото: Қырғыз футбол одағы

    Айти-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қырғызстанның ерлер футбол құрамасы Жапониядан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Командалар А тобының екінші турындағы кездесуін Тойота қаласындағы аттас стадионда өткізді. Алаң иелері 7:0 есебімен жеңіске жетті.

    Матчта Юмэки Йокояма (28-минутта), Сюто Нагано (36), Юто Одзеки (39) және Хисацугу Исии (72) бір-бір голдан салса, Юдаи Симамото дубль авторы атанды (79, 86). Ал Йотаро Накадзима пенальтиді сәтті орындады (70).

    Қатарынан екінші рет жеңілген Қырғызстан құрамасы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. Команда қосымша көрсеткіштер бойынша Гонконгқа жол беріп, топтық кестенің соңында тұр.

    Ал жапониялықтар Таиландпен бірге алты ұпай жинап, мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды. Бұл командалар соңғы турдағы өзара кездесуде топ көшбасшысын анықтайды.

    Азиада-2026: Қырғызстан футбол құрамасы 0:7 есебімен ұтылып, жүлдеден қағылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram