Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен тең түсті
Жарияланған күні:

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының төртінші турында Астанада Фарер аралдарымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Матчтың алғашқы минуттарында алаң иелері белсенділік танытқанымен, есепті бірінші болып қарсылас ашты. 22-минутта Фарер аралдарының шабуылшысы Петур Кнудсен Қазақстан қақпасына гол соқты.
Екінші таймда қонақтар басымдығын арттыра түсті. 63-минутта Геза Давид Тури есепті 2:0-ге жеткізді. Арада екі минут өткенде Фарер аралдарының ойыншысы Мартин Агнассон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Сан жағынан басымдыққа ие болған Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартты. 65-минутта Сергей Малый гол соқса, 76-минутта Нұралы Әліп таразы басын теңестірді.
Қалған уақытта есеп өзгермей, командалар 2:2 нәтижесіне тоқтады.
Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы өткізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2439151-qazaqstan-quramasy-farer-araldarymen-teng-tusti/