Әлемде табысы ең көп футболшылар тізімі жарияланды: Роналду мен Месси тағы көш басында
Жарияланған күні:
Читать на русском
Португалиялық Криштиану Роналду мен аргентиналық Лионель Месси әлем бойынша ең көп жалақы алатын футболшылар рейтингінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Forbes-ке сілтеме жасап.
Forbes журналы 2026/27 маусымындағы әлем бойынша ең көп табыс табатын футболшылардың рейтингін жасады.
"Криштиану Роналду мен Лионель Месси биыл да әлемдегі ең көп табыс табатын футболшылар рейтингін бастап тұр, алайда олардың ізін жаңа буын өкілдері басып келеді.
Бұл екі аңыз ойыншы өздерінің миллиардтаған байлығын еселей түсуде, ал Ламин Ямаль, Килиан Мбаппе және Эрлинг Холанд секілді жас жұлдыздардың табысы әлем чемпионатынан кейін артуда", - деп жазады басылым.
Басылым есептеу кезінде клубтардан түсетін жалақы мен өзге де төлемдерді, сондай-ақ футболдан тыс, оның ішінде жарнамадан түсетін табысты ескерді.
- Криштиану Роналду ("Әл-Наср") - 300 млн доллар (250+50;
- Лионель Месси ("Интер Майами") - 145 млн доллар (70+75);
- Килиан Мбаппе ("Реал") - 100 млн доллар (70+30);
- Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити") - 85 млн доллар (60+25);
- Винисиус Жуниор ("Реал") - 76 млн доллар (48+28);
- Ламин Ямаль ("Барселона") - 55 млн доллар (35+20);
- Садио Мане ("Әл-Наср") - 54 млн доллар (50+40);
- Джуд Беллингем ("Реал") - 45 млн доллар (29+16);
- Харри Кейн (Бавария) - 42 млн доллар (29+13);
- Мохамед Салах (Трабзонспор) - 40 млн доллар (20+20).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2444468-alemde-tabysy-eng-kop-futbolshylar-tizimi-zhariialandy-ronaldu-men-messi-tagy-kosh-basynda/