jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Қазақстанның "Атлетико Мадрид" футбол клубымен ынтымақтастығын талқылады

    Мигель Анхель Хиль және Қасым-Жомарт Тоқаев
    Мигель Анхель Хиль және Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы "Атлетико Мадрид" клубының бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кездесуде президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубымен табысты ынтымақтастықты жоғары бағалап, Мигель Анхель Хиль Мариннің Қазақстанға сапары серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өткен.

    Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан заманауи футбол инфрақұрылымына, жаттығу базасына және жас ойыншыларды даярлау бағдарламасына белсенді түрде инвестиция құйып жатыр. Сонымен қатар елдегі футбол клубтарын жекешелендіру үдерісі жалғасуда.

    Бұдан бөлек, президент ФИФА-мен бірге барлық өңірде балаларға арналған 100-ден астам жаңа футбол алаңын салу жұмыстары қолға алынғанына назар аударған.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мигель Анхель Хиль Маринмен кездесуі
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мигель Анхель Хиль Маринмен кездесуі. Фото: Ақорда

    "Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Испания құрамасы мен испаниялық футбол мектебінің жетістіктеріне айрықша тоқталып, осы озық тәжірибені терең зерделеуге және оны қазақстандық дарынды ойыншылардың жаңа буынын тәрбиелеу ісінде пайдалануға мүдделі екенімізді атап өтті", - делінген хабарламада.

    "Атлетико Мадрид" клубының бас директоры елімізде футболды қолдауға ерекше назар аударғаны үшін президентке ризашылығын жеткізген.

    Ол Алматы облысындағы "Атлетико Мадрид" академиясының инфрақұрылымы туралы оң пікір білдіріп, оның келешекте футболға арналған үздік оқу-жаттығу кешендерінің бірі болатынын айтқан.

    Тоқаев Қазақстанның "Атлетико Мадрид" футбол клубымен ынтымақтастығын талқылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram